Практикалық тәжірибеде өмірдің мәнін іздеудің маңызды аспектілері

Get Started. It's Free
or sign up with your email address
Практикалық тәжірибеде өмірдің мәнін іздеудің маңызды аспектілері by Mind Map: Практикалық тәжірибеде өмірдің мәнін іздеудің маңызды аспектілері

1. 1.Адам өмірінің категориялары: бақыт, сенім, өмір мен өлім

1.1. Бақыт

1.1.1. Бақыт - бұл жалпы адамның өмірі ішкі қанағаттану сезіміне әрі барлық игіліктердің оңтайлы үйлесімі болатын құндылыққа байланысты қалыптасады деуге болады.

1.2. Өлім

1.2.1. Тек өлімге қарап, біз өмірді сүйе бастаймыз. Егер өлім болмаса, өмір мағынасыз болар еді.

1.3. Сенім

1.3.1. Франк сенімді, ақиқатқа жан арқылы ұмтылу, тыныш әрі әрдайым бар, «Құдай дауысына» құлақ асу еркі деп септеді. Бұл ерік бізді осы көрінбейтін және біздің жанымыздың қараңғы тереңдігінен ұшқындаған «шуаққа» мән беруге мүмкіндік береді. Бұл ұшқыннан рухани болмыстың күннен тараған шуақ сезіледі. Демек, сенім руханилықпен тығыз байланыста болады.

2. 3. Өмірдің мәні – қазақ философиясының негізгі категориясы

2.1. «Өмір мағынасы» категориясы адам өмір сүруінің сапалық жағын сипаттайды. Ол адам үшін жоғары мақсаттар мен құндылықтардың жиынтығын көрсетеді.

2.2. Сондай-ақ онда адамның тіршілік қарекетіндегі жалпы адамилықтың, тарихилықтың, әлеуметтік-топтылықтың және жекетұлғалықтың диалектикалық өзара байланысы өз өрнегін табады.

3. 2. Өмірдің мәні қазақ философиясындағы өмірдің мәні туралы ізденіс

3.1. Адамдар олардан өмір мағынасын көре отырып өздерінің жеке мақсаттарына ұмтылады. Және де көбінде адамға өзінің мақсаттары дүниеге байланысты еместей болып көрінеді.

3.1.1. Әрине, мақсаттардың сипаты көп дәрежеде нақты адамға, оның тәжірибесіне, біліміне, қоғамдық жағдайына және т.б. байланысты. Алайда бұл өмір мағынасының таза субъективті нәрсе екендігін әсте білдірмейді. Өйткені адамның мақсаттары ол үшін объективті табиғи және әлеуметтік дүниеден туындайды.

4. 4. Махаббат адам тіршілік етуі мен өмірінің мәні ретінде

4.1. Философияның қоғам өміріндегі рөлі, ең алдымен, оның дүниетанымның теориялық негізі қызметін атқаруымен, сонымен қатар дүниені тануға қабілеттілік мәселесін шешуімен, ең алдымен, мәдениет әлеміндегі, рухани құндылықтар әлеміндегі адамның бағдары мәселелері.

4.2. Қоғам философиядан келесі сұрақтарға жауап беруді талап етеді: Дүние адамға сәйкес болуы үшін қандай болуы керек? Әлемге сәйкес келетін адам қандай болуы керек? Дүние өмір сүруге тұрарлық па? Адамның өзі өмірдің атынан сөйлеуге лайық па, оның қадірін түсіне ме?